ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА
(0 Votes)

Елімізде заң мен тәртіптің сақталуы, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылуда. 

Осы бағытта аудан көлемінде «Қауіпсіз аудан» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шара барысында полиция бөлімінің қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, қоғамдық орындар мен көшелерде рейдтік жұмыстар жүргізді. 

Нәтижесінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тұрғындарға заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.

Аталған профилактикалық шаралар аудан аумағында құқықтық тәртіпті нығайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етуде. 

MT

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT