С. Зиманов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдерге бопсалау, адам саудасы, нашақорлық және өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің салдары туралы айтып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері бопсалаудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын айтып, оқушыларға қысым көрсету немесе қорқыту жағдайларына тап болған кезде үнсіз қалмай, полицияға жүгіну қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, есірткі заттарының адам денсаулығы мен болашағына келтіретін зияны түсіндіріліп, оқушыларға құқық бұзушылықтан аулақ болу және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру жөнінде кеңестер берілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері оқушылар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру бағытында 500-ден астам профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Полицейлер оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын түсіндірді
- Автор: Мақат тынысы
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 85



