Отбасылық-тұрмыстық жанжалға жол берген азамат жауапқа тартылды

 Отбасылық-тұрмыстық жанжалға жол берген азамат жауапқа тартылды
(0 Votes)

«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық дерегін анықтады.

Аталған дерек бойынша азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ол заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT