«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің табиғи байлығын сақтауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Таза қоршаған орта адамдардың өмір сүру сапасын арттырып, экологиялық қауіптердің алдын алуға көмектеседі.
Акция барысында ағаш отырғызу, аумақтарды тазалау және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Осындай шаралар арқылы табиғатқа деген жанашырлық қалыптасады. Әрбір тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына мән беруі қажет. Сонда ғана біз болашақ ұрпаққа таза әрі көркем Қазақстанды аманаттай аламыз.
Бұл бастамаға әр азамат өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын.
К.СӘБИТОВ,
тұрғын


