Нашақорлық – адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, қоғам қауіпсіздігіне де кері әсер ететін қауіпті құбылыс.
Әсіресе жастарды есірткінің зияны туралы ақпараттандырып, салауатты өмір салтын насихаттау маңызды. Заңсыз есірткі айналымына қатысу заң алдында жауапкершілікке әкелетінін әр азамат білуі тиіс.
Қоғам болып есірткінің таралуына жол бермей, құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосуымыз керек.
Есірткіден бас тарту – жарқын болашақты таңдаудың ең дұрыс жолы.
А.Жанболатқызы,
Мақат кенті тұрғыны



