«Мұғалім» драмасы сахналанды

(0 Votes)

Жуырда заң мен тәртіп аясында аудандық мәдениет үйі жанындағы «Халықтық» театры жас драматург Қолғанат Мұраттың шығармасы негізінде қойылған «Мұғалім» әлеуметтік драмасын көрермен назарына ұсынды. 

Азамат Елубаев режиссерлік еткен қойылымда қазіргі таңдағы барлық өмірлік құндылықтар қамтылған. Атап айтқанда, мұғалімнің беделі, мектеп өмірі, оқушы мен ұстаздың, бала мен ата-ананың арасындағы қатынастар сахналанды. Сондай-ақ, өмірдегі басты құндылық отбасы екенін айқын көрсетіледі.

Халықтық театрдың бұл қойылымын аудандық білім беру ұйымдарынан арнайы оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар келіп тамашалады. 

Қойылымнан соң аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы «Халықтық» театр ұжымының ауданның өнері мен мәдениетіне қосып жүрген үлестерін және драманың маңыздылығына тоқталып, аудан әкімінің арнайы алғыс хаты мен қаржылай сыйлық және ықылас гүлін табыс етті.

Көрермен ұсынылған «Мұғалім» қойылымы осылайша, бүгінгі қоғамдағы білім, тәрбие және ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жайында ой салатын ерекше туынды болды.

Айта кетейік, «Халықтық» театр өз атағын қорғауда «Үздік әлеуметтік драма» номинациясын иеленген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT