Мұнайшы стадионында реконструкция жұмыстары басталды

Мұнайшы стадионында реконструкция жұмыстары басталды
(0 Votes)

Атыраудағы “Мұнайшы” стадионында ауқымды реконструкция жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін спорт нысаны сегіз мыңнан астам көрерменді қабылдай алады. Ал құрылыс жұмыстарын “Asian Holding” ЖШС жүргізуде.

 Жоба аясында қолданыстағы үш трибуна толықтай бұзылып, олардың орнына заманауи жаңа мінберлер салынады. Сонымен қатар стадионда күрес, бокс, таэквондо және теннис залдары, медициналық және массаж кабинеттері, VIP-аймақтар, конференц-зал, телестудия, оператор бөлмесі мен жанкүйерлерге арналған барлық қажетті жағдай қарастырылады.

Стадион аумағында жылыту және автоматты суару жүйесімен жабдықталған жаңа футбол алаңы салынбақ. Алаң биіктігі 53 метр болатын төрт жарықтандыру мұнарасымен жарықтандырылады. Сондай-ақ нысан аумағы толық абаттандырылып, келушілерге ыңғайлы инфрақұрылым жасалады.

Құрылыс алаңында қазіргі уақытта 50-ге жуық адам еңбек етуде. Оның ішінде монтаж жұмыстарында 50 маман, алдағы уақытта монолит бағытында 70 жұмысшы жұмыс жасайды. Нысанда үш эскалатор орнатылып, арнайы манипулятор мен длиномер техникалары қолданылуда.

Жоспар бойынша реконструкция жұмыстары 2027 жылдың наурыз айында толық аяқталады.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT