Ағымдағы жылдың 6–10 сәуір аралығында мал ұрлығына қарсы Мақат Көліктегі полиция бөлімшесінің қызмет ету аймағында жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және болдырмау болып табылады.
Осыған байланысты теміржол аймағында иесіз жүрген малдар анықталған жағдайда арнайы қоражайға қамалатыны ескертіледі.
Қазіргі таңда мал иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
МТ


