Лотос алқабына 5 мыңға жуық адам барды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданындағы Lotus алқабына 5 мыңға жуық адам жиналды. Қонақтар 5 гектар аумақты алып жатқан лотос алқабына барып, табиғаттың ерекше көрінісін тамашалады.

 Келушілерді лотос алқабына жеткізу үшін 150-ден астам қайық жұмылдырылды. Фестивальге Атырау облысының тұрғындарымен қатар, еліміздің өзге өңірлерінен және шетелден келген қонақтар да қатысуда.

Фестивальге келген атыраулық тұрғын Айгерім Дүйсенбі отау құрғандарына 11 жыл толуына орай бұл күнді ерекше өткізуді ұйғарғанын айтты.

 “Отау құрғанымызға 11 жыл толды. Осыған орай ерекше есте қалсын деп, облысымыздың кереметін өз көзімізбен көруге келдік. Лотос алқабынан әдемі әсер алдық. Еліміз өсіп, дами берсін!” - деді Айгерім Дүйсенбі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT