Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында ауыл ішілік көшелер мен мекеме айналалары тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына 11 адам қатысып, нәтижесінде 0,2 тонна күл-қоқыс жиналып, арнайы белгіленген орынға шығарылды. Мұндай жұмыстар ауылдың көркейіп, қоршаған ортаның таза әрі жинақы болуына ықпал етеді.
КәмшатӘбіш
#ТазаҚазақстан #ТазаАуыл #Көздіғара



