Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияның маңызы мен мазмұнын терең түсіндіру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Сайыс барысында қатысушылар Конституция, мемлекеттік құрылым, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еліміздің заңнамасына қатысты сұрақтар бойынша білімдерін сынап, өзара бақ сынасты.



