26 шілде күні Құлсары қаласындағы Жастар орталығының ауласында «50+ Ешқашан кеш емес» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған «Ретро әндер кеші» өтті.
Шараға жоба қатысушылары мен қала тұрғындары қатысып, өткен жылдардың сүйікті әндерін бірге шырқап, би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ерекше кештің куәсі болды. Кеш барысында ретро әуендер орындалып, жылы жүздесулер мен шынайы эмоцияларға толы сәттер көп болды.

Іс-шараның басты мақсаты – үлкен буынның белсенді өмір салтын қолдау, олардың мәдени демалысын ұйымдастыру және түрлі буын өкілдерінің басын қосатын орта қалыптастыру. Бұл мақсат толық жүзеге асып, кеш қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді.

«50+ Ешқашан кеш емес» әлеуметтік жобасы алдағы уақытта да егде жастағы азаматтардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жалғастырады. Кештің өтуіне қолдау білдірген барлық серіктестер мен қатысушыларға ұйымдастырушылар алғыс білдіреді.



