«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ!

 «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ!
(0 Votes)

Мақат ауданының аумағында 18–21 тамыз күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

👮‍♂️ Іс-шара Мақат ауданы полиция бөлімі бастығының бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.

🎯 Негізгі мақсаты:
🔹 көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау;
🔹 құқық бұзушылықтардың алдын алу;
🔹 қылмыстардың жолын кесу;
🔹 азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
🔹 жол қауіпсіздігі саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу.

🚔 Полиция қызметкерлері аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында профилактикалық және рейдтік жұмыстар жүргізеді.

🤝 Қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет!

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT