Атырау қаласындағы №50 «Келешек» мектебінде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ұстаздар мен оқушыларға арналған кино кеші өтті.
Шара барысында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Назад в 90-е. Мен оралам» фильмі көрсетілді.
Кинотайм кезінде көрермендер фильмнің әсерлі сәттерін бірге бөлісіп, ерекше атмосфераны сезінді. Мұндай кештер оқушылардың рухани дамуына ықпал етіп, құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастырады.
Осындай мазмұнды кездесулер мектеп өмірін жандандырып, тәрбиелік мәнін арттыра түседі.


