Отырыс барысында әкімшілік іс жүргізу саласындағы заңдылықтың жай-күйіне кешенді баға берілді.
Биылғы жылдың өткен кезеңінде әкімшілік айыппұлдарды өндіру деңгейі
88%-ды құрады.
Сонымен қатар әкімшілік заңнаманы қолданудың проблемалық мәселелеріне де назар аударылды.
Мәселен, прокурорлар 1,5 мыңнан астам заң бұзушылықтарды, оның ішінде 551 азаматты әкімшілік жауаптылыққа тартуда заң талаптарының сақталмағанын анықтады.
Отырыстың қорытындысы бойынша азаматтардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етуге және тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар айқындалды.
Сондай-ақ жазғы уақытта азаматтардың жаппай демалыс орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нақты тапсырмалар берілді.
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1255861?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPrFacebook |
Instagram |
YouTube |
Сайт ГП