КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МАҚСАТ

КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МАҚСАТ
(0 Votes)

 Заң мен тәртіп жобасы аясында түрлі қылмыстың алдын алу жұмыстары жасалуда.

Осы бағытта аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Мақат кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың киберсауаттылығын арттыру және интернет алаяқтықтың алдын алу.

Кездесу барысында полицейлер тұрғындарға бейтаныс адамдарға жеке деректерін бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертті.

Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын сақтау, терезелердің ашық қалмауын қадағалау секілді тұрмыстық қауіпсіздік мәселелері де түсіндірілді.

MT

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT