Жобаның басты мақсаты ерекше баланы тәрбиелеп отырған аналар мен мүгедектігі бар әйелдерге жаңа мамандық игеруге, кәсіби білім алуға және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру.
Жобаға Атырау қаласында тұратын, жасы 25 пен 55 жас аралығындағы, жоғары немесе арнаулы орта педагогикалық білімі бар әйелдер қатыса алады.
Іріктеу нәтижесінде 7 қатысушы таңдалады:
• ерекше баланы тәрбиелеп отырған 5 ана
• мүгедектігі бар 2 әйел
Қатысушылар 3 жыл бойы «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша білім алады. Оқу ақысы толық төленіп, оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасуына қолдау көрсетіледі.
Іріктеу сауалнама мен сұхбат нәтижесі бойынша жүргізіледі.
**Өтінім қабылдау мерзімі 20 шілдеге дейін.**
Жоба «Biz de adambyz» қоғамдық қоры мен Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылады.



