Жол қауіпсіздігін сақтау – әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі.
Жол ережесін бұзу жүргізушінің өзіне ғана емес, басқа да адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Жылдамдықты асырмай, жол белгілері мен жаяу жүргіншілерге құрметпен қарау қажет.
Жолдағы тәртіпті сақтау – қайғылы жағдайлардың алдын алудың маңызды жолы.
Заң мен тәртіпті сақтай отырып, қауіпсіз жолды бірге қалыптастырайық.
А.Ерлан,
Мақат кенті тұрғыны



