Қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздік – әрбір тұрғын шін ең басты құндылықтар. Соңғы жылдары ел көлемінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылып, бұл бағытта жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Осы ретте ауданымызда да криминогендік жағдайды тұрқтандыру, қылмыс деңгейін төмендету және қоғамдық тәртіпті сақтау басты міндеттердің бірі болып отыр.
Тұрғындардың қауіпсіз өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру мақсатында құқық қорғау органдары тарапынан нақты шаралар қабылданып, алдын алу жұмыстары күшейтілуде.
Жалпы, 2026 жылдың алғашқы үш айында Мақат ауданында криминогендік жағдай тұрақтанып, бірқатар құқық бұзушылықтар саны төмендеді. Яғни, аталған кезеңде барлығы 43 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Талдау нәтижесіне сәйкес, ауырлығы орташа қылмыстар 42,9 пайызға, тонау деректері 100 пайызға, ұрлық қылмыстары 71,4 пайызға азайды. Оның ішінде пәтер ұрлығы 50 пайызға, сонымен қатар қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар 33,3 пайызға төмендеді.
Одан бөлек, жол-көлік оқиғалары бойынша есепті кезеңде 9 дерек тіркеліп, салдарынан 21 адам жарақат алған, 4 адам қайтыс болды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда 3 жол-көлік оқиғасы орын алып, 14 адам жарақаттанып, 2 адам көз жұмды. Аудандық жолдарда 6 жол апаты тіркеліп, 7 адам жараланып, 2 адам қаза болды. Қорыта айтқанда, құқық бұзушылықтың алдын алу – бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір адам заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қараған жағдайда ғана қауіпсіз әрі тыныш орта қалыптасады.
Д.Бимуханов,
Мақат ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі


