Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында аудан көлемінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған “Қауіпсіз аудан” профилактикалық іс-шаралары жүйелі түрде жалғасуда.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Осы бағытта аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдар және мүдделі мекемелер бірлесіп профилактикалық рейдтер өткізіп келеді.
Ж.ҚАМЗА



