NCOC компаниясының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженері Сағиден Ербөлековтің айтуынша, Каспий теңізінің бірегей биоалуантүрлілігін сақтау – өндірістік қызметпен қатар жүретін негізгі міндеттердің бірі.
Осы мақсатта компания Солтүстік Каспий экожүйесін тұрақты бақылап, теңіз ортасы, ауа, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне кешенді мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ бекіре тұқымдас балық шабақтарын табиғи ортаға жіберу, балық өсіру шаруашылықтарын жаңғырту, Каспий итбалығы мен құстар популяциясын зерттеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Оның айтуынша, өндірістік даму мен экологиялық тұрақтылықтың тепе-теңдігін сақтау – Каспийдің табиғи мұрасын келер ұрпаққа аман жеткізудің басты кепілі.




