Атырауда өтіп жатқан «Қазыналы Каспий» балық фестивалі аясындағы ғылыми-тәжірибелік форумда NCOC компаниясының қоршаған ортаны мониторингілеу жөніндегі жетекші инженері Сағиден Ербөлеков Каспий теңізіндегі экологиялық мониторинг жұмыстары туралы айтты.
Оның мәліметінше, компания қызмет аймағында орналасқан 254 бақылау станциясы арқылы атмосфералық ауа, теңіз суы, түп шөгінділері, өсімдіктер, планктон, балықтар, құстар мен теңіз сүтқоректілерінің жай-күйі тұрақты бақылауда. Бұл жүйе өндірістік нысандар мен жағалау аумақтарындағы экологиялық өзгерістерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Нұргүл Насыр



