1 қазан - Қарттар күніне орай Жайық BINOM мектебіндегі Асқар Бисекеновтің есімі берілген «Жас сақшы» сыныбының оқушылары оның анасы Сара Махмудқызының шаңырағына арнайы барып, мерекесімен құттықтады.
Асқар Бисекенов қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан. Бүгінде оның есімі жас ұрпаққа үлгі болып, аталған мектептегі «Жас сақшы» сыныбына берілген.
💐 Кездесу барысында оқушылар Сара Махмудқызына жылы лебіздерін жеткізіп, дәм ұсынып, мектеп директоры атынан Алғыс хат табыстады.
🎶 Оқушылар батыр ердің анасына домбырамен күй орындап, ән айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұстаздары да ізгі тілектерін білдірді.
👮♂️ Сондай-ақ, іс-шараға Атырау облысы полиция департаментінің атынан Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қайыржан Дюсенбаев арнайы барып, Сара Махмудқызына гүл шоғын табыстап, ақжарма тілегін жеткізді.
🇰🇿Кездесу аға буынға құрмет көрсетіп, ерлікпен қаза тапқан азаматтың есімін ұлықтаған тағылымды сәтке айналды.



