Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек құқық қорғау органдарының міндеті емес.
Бұл іске әрбір тұрғын өз үлесін қоса алады. Күмәнді жағдайларға бейжай қарамау, құқықбұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беру – маңызды қоғамдық міндеттер. Әсіресе интернет кеңістігінде алаяқтықтан сақтанып, жеке деректерді қорғау мәселесіне ерекше мән берген жөн.
Заң мен тәртіп қағидаларын күнделікті өмірде ұстану арқылы ғана қауіпсіз орта қалыптастыра аламыз.
Қ.ЖҰПБОЛ,
кент тұрғыны




