ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ КӨБЕЮІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ КӨБЕЮІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, сенімді цифрлық инфрақұрылым бүгінде энергетика мен логистика сияқты стратегиялық салалармен тең деңгейде маңызға ие. 

Себебі, деректерді сақтау, өңдеу және есептеу қуатын өз бақылауымызда ұстау – технологиялық дербестіктің негізгі шарты болып табылады.

Бұл ретте «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру идеясы экономикаға жаңа серпін беретін ұзақмерзімді жоба деп есептеймін. 

Мұндай орталықтар ғылым мен бизнестің дамуына жағдай жасап, инновациялық жобалардың көбеюіне ықпал етпек. 

Сонымен қатар киберқауіпсіздікке ерекше мән беру – қазіргі геосаяси жағдайда өте орынды шешім. 

Жалпы, Қазақстанды цифрлық хабқа айналдыру мақсаты елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықаралық технологиялық қауымдастық үшін тартымды орталық қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

М.Тәжімұратов,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT