Индерде «Аmanat» партиясы жанындағы білім және денсаулық мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

(0 Votes)

Индер ауданында «Аmanat» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті.

Атырау облыстық мәслихатының депутаты, аймақтық кеңес төрағасы Саламат Идрисовтың төрағалығымен өткен кеңеске «Аmanat» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қуантай Бисалиев , аудан әкімінің орынбасары Айболат Сансызбаев, аудандық мәслихат хатшысы Абзал Рамазанов, облыстық білім беру басқарма басшысының орынбасары Света Аманшиева және облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, «Аmanat»партиясының аудандық филиалы, кент, округ әкімдері, дербес бөлімдер, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «Аmanat» партиясының Атырау облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Индер ауданы бойынша «Жол картасының» іске асыру мәселелері туралы есеп, «Аmanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Сапалы білім беру үшін жағдай жасау» жөніндегі шаралардың орындалысы, аудан бойынша «Сапалы білім беру үшін жағдай жасау» жөніндегі шаралардың орындалысы және «Аmanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасыныңИндер ауданы бойынша «Қолжетімді сапалы медицина» жөніндегі шаралардың орындалысы туралы баяндамалар тыңдалып, талқыланды.

Кеңеске қатысушылар баяндамашыларға сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді.

Жиынды «Аmanat» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қуантай Бисалиев қорытындылады.

 Ж.Нариманқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT