«Заң мен тәртіп» қағидаты есірткіге қарсы күресте ерекше маңызға ие. Есірткі – адамның денсаулығын ғана емес, оның болашағын да құрдымға жіберетін қауіпті індет.
Бұл кеселдің алдын алу үшін жастар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажет. Салауатты өмір салтын насихаттау – есірткіге қарсы күрестің тиімді жолдарының бірі.
Әр адам заңсыз әрекеттерден бойын аулақ ұстап, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі тиіс.
Ата-ана, мектеп және қоғам бірлесе әрекет еткенде ғана бұл мәселенің алдын алуға болады. Заң талаптарын сақтау арқылы жастарды зиянды әдеттерден қорғауға мүмкіндік туады.
Есірткісіз, қауіпсіз әрі саналы қоғам қалыптастыру – бәріміздің ортақ мақсатымыз.
А.ЕРЛАНОВА,
кент тұрғыны



