Дастан Оразбеков: Жетістікке жету үшін жұмыстанудан бас тартпау керек

(0 Votes)

Белгілі әнші Дастан Оразбеков жастарға жетістікке жету жолында жұмыстанудан бас тартпау керек деп кеңес береді.

-Менің жастарға ойдағы тәжірибеммен бөлісуді басты мақсатым деп білемін. Яғни, өз тәжірибемде өнерде қалай шыңдалып жатқанымды нақтылап жеткізгім келеді. Жалпы Атыраулық жастар әркез жылы қабылдайды. Бұл жолы да осы үрдіс қайталанып отыр. Өнерге құлшынысы бар жастың ары қарай дамуына қандай да бір септігімізді тигізе алатын болсақ, мен үшін қуаныш болар еді. Қай салада болмасын өсем деген жастарға рахмет айтқан дұрыс шығар деп ойлаймын. Бұл менің форумға қатысудағы бірінші тәжірибем болса да, дәл қазіргі сәт маған өте ұнап жатыр, — дейді әнші.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT