Болат Ақшолақов Атырау облысындағы деректерді өңдеу орталығына барды

(0 Votes)

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов өңірде орналасқан Freedom Cloud деректерді өңдеу орталығынына барды. Аймақ басшысына нысанның инфрақұрылымы, инженерлік шешімдер мен бұлтты платформаның мүмкіндіктері таныстырылды.

 Кездесуде цифрлық инфрақұрылымды дамытудың, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыратын заманауи IT шешімдер мен технологиялар қолданудың перспективалары сөз болды.

Сондай-ақ Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасы мен Freedom Cloud арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат цифрлық технологияларды дамыту және өңірдің IT инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруды көздейді.

 Болат Ақшолақов облысты цифрлық трансформациялау және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызу үшін заманауи технологиялық шешімдерге жүгінудің маңызды екенін атап айтты.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT