«Бойтұмар» психологиялық жаттығуы

«Бойтұмар» психологиялық жаттығуы
(0 Votes)

Жазғы лагерь аясында психологтың ұйымдастыруымен «Бойтұмар» атты психологиялық жаттығу өткізілді. Шара барысында оқушылар өздерінің жақсы қасиеттерін анықтап, арман-мақсаттарын қағазға түсіріп, жеке бойтұмарларын жасады.

Бұл жұмыс балалардың өзін-өзі тануына, жағымды ой қалыптастыруына және өзіне деген сенімділігін арттыруға бағытталды. Оқушылар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен әсерлерімен бөлісті.

 Әр бойтұмар – жарқын болашаққа деген сенім мен жақсы тілектің белгісі!

 #АтырауЖаз2026

 #ЖұлдызЛагері

 #ПсихологЖұмысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT