Бірлік ауылдық округінің қоқыс алаңында үлкен көлемде тазалау жұмыстары жүргізілді. Ауыр техникамен қоқыс жиналып, алаң ретке келтірілді. Алайда арада көп уақыт өтпей, қоқыс қайтадан жан-жаққа шашылып, бұрынғы жағдайға келе бастайды.
Қоқыс алаңының бір шетінен төгуге мүмкіндік бола тұра, неге қоқысты әр жерге шашып төгеміз?
Үйден шыққан тұрмыстық қатты қалдықтарды, дүкендерден шыққан картон қораптарды, баклашкаларды, полиэтилен пакеттерді, сабанды және басқа да қалдықтарды қоқыс алаңының кез келген жеріне төге салу – дұрыс емес.
Әсіресе сабан, картон сияқты қалдықтарды ретсіз үйіп тастамай, белгіленген тәртіппен жинау қажет. Ал пластик, полиэтилен, салафан сияқты қалдықтарды өртеуге болмайды ма?
Біздің сұрайтынымыз өте қарапайым:
Қоқысты қоқыс алаңының іргесіне ғана төгейік!
Әркім өзінен кейінгі ауыл тұрғынын ойласын.
Бір шетінен төксеңіз – қоқыс алаңы реттелген күйінде қалады. Ал әр жерге шашып төккен сайын, бүкіл алаң қайтадан шашылып кетеді.
Ауыл әкімі ретінде айтарым: біз қоқыс жинауға, тазалауға дайынбыз. Бірақ тұрғындар тарапынан да тәртіп пен жауапкершілік болуы керек.
Бір адамның дұрыс емес әрекеті бүкіл ауылдың көркіне әсер етеді.
Ауыл – бәріміздің ортақ үйіміз.
Тазалық – әкімдіктің ғана емес, әрбір тұрғынның міндеті.
Өз ауламызды таза ұстайтынымыз сияқты, ауылымыздың ортақ жерлерін де таза ұстайық.
Баршаңызды осы мәселеге түсіністікпен қарап, қоқысты белгіленген жерге ғана төгуге және ауылдың тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Бірлік ауылы – таза әрі көрікті ауыл болуы үшін бәріміз бірге атсалысайық!



