«БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!»

«БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!»
фото видеодан алынды
(0 Votes)

Атырау қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция қызметкерлері «Назар аударыңыздар, балалар!» профилактикалық іс-шарасы аясында балалармен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында ювеналдық полиция инспекторлары балаларға жол қауіпсіздігі, құқықтық тәртіп және түрлі қауіп-қатерлерден сақтану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пайдалы ақпараттар қамтылған брошюралар таратты.

Сонымен қатар, бүлдіршіндерге тәттілер ұсынылып, олардың көңіл-күйін көтеруге ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және полиция қызметкерлері мен жасөспірімдер арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT