Бағдат Мусин: «Еліміздің жаңа дәуірдегі ұстанымы айқындалды»

(0 Votes)

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Павлодар облысының креативті жастарымен кездесті.

 Онда «Қазақтелеком» компаниясының Басқарма төрағасы Бағдат Мусин жаңа Конституция жобасының маңызына тоқталды. «Қолданыстағы Конституциямыз жаңа дәуірдегі күрделі мәселелерге жауап бермейтініне көз жеткіздік. Сондықтан бізге Ата Заңымыздың жаңа нұсқасы ұсынылып отыр. Өздеріңіз білетіндей, аталған құжатты әзірлеу барысы барынша ашық жүргізілді.

Осылайша, еліміздің жаңа дәуірдегі ұстанымы айқындалды.

Енді бұрынғыдай пайдалы қазбалар емес, қазір адам капиталы алдыңғы орынға шықты. Цифрландыру, білім, ғылым және инновация басым бағытқа айналды», – деді Бағдат Мусин.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT