Атырауда салынып жатқан 180 орындық радиология корпусының дайындығы 70 пайызға жетті.
Нысанды 2027 жылдың басында пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды AtyrauPress.
Құрылыс барысымен Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов танысты.
Жаңа корпуста диспансерлік бақылау, хирургия, химиотерапия және радиология бөлімдері жұмыс істейді. Сондай-ақ функционалдық және эндоскопиялық диагностика кабинеттері қарастырылған.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр.
Өңір басшысы жұмысты жеделдетіп, нысанның сапалы салынуын қамтамасыз етуді және бекітілген жұмыс кестесінен ауытқымауды тапсырды.
Жаңа корпус онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің бірнеше бағытын бір жерде шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.



