Мен үшін «Таза Қазақстан» – тек экологиялық жоба ғана емес, азаматтық мәдениеттің көрінісі.
Қоғамдық орындардың таза болуы адамдардың тәртібі мен жауапкершілігін көрсетеді. Соңғы уақытта көптеген аулалар мен саябақтардың абаттандырылып жатқанын көруге болады. Мұның барлығы акцияның нақты нәтижесін көрсетеді.
Табиғатты қорғау әркімнің өзінен басталады. Егер әр азамат айналасын таза ұстаса, қоршаған орта да көркейе түседі.
Сондықтан бұл бастамаға қолдау білдіру – ортақ міндетіміз.
С.НҰРЛАНОВА,
тұрғын


