Азамат құқығы – әділетті қоғамның негізі

(0 Votes)

Жаңа Конституция жобасындағы 12-бапта әр адамның құқық субъектісі ретінде танылуы және өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүмкіндігінің нақты көрсетілуі – қоғам үшін аса маңызды қадам деп есептеймін. Әрбір азаматтың заңға қайшы келмейтін барлық тәсілмен, оның ішінде қажетті қорғаныс арқылы өз құқығын қорғауға құқылы болуы – әділетті әрі құқықтық мемлекеттің басты қағидаларының бірі.

Сонымен қатар азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығының нақты бекітілуі қоғамдағы заң үстемдігін нығайтады. Бұл әрбір адамның әділдікке қол жеткізуіне мүмкіндік беретін маңызды кепілдік.

Тағы бір маңызды тұсы – заңға сәйкес білікті заң көмегін алу құқығының танылуы. Бұл норма азаматтардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, кез келген жағдайда заң алдында тең қорғалуға жағдай жасайды.

Бұл нормалар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, елдегі құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал етеді деп санаймын. Әр адамның құқығы құрметтелген жерде ғана әділетті әрі тұрақты қоғам қалыптасады.

Асқар САППАЕВ,

Атырау қалалық мәслихатының депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT