Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция бөлімінде өздеріне бекітілген орындарын тазартып, сыртқы аулаларды түгелдей реттеп шықты. Ұжым болып, жарыса жұмыс істеген олар өздерінің ауызбіршілігі мен аудан тазалығы үшін жасалатын іске бей-жай қарамайтындығын көрсетті.
- Сенбілік – бұл ұжымдық ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Жыл сайын ұжым болып сенбілікке ат салысып тұрамыз. Ауылымыздың келбеті тек сәнді де сәулетті ғимараттармен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейтіні белгілі. Күн сайын көркейіп келе жатқан ауданның ажары оның тазалығына да тікелей байланысты, - деді аудан полицейлері.



