Атырау облысында креативті индустрия өкілдері Qazaq Creative цифрлық платформасын пайдалана бастады.
Платформа шығармашылықпен айналысатын жастар мен креативті кәсіпкерлерге арналған бірыңғай цифрлық алаң ретінде әзірленген. ӨКҚ мәліметінше, мұнда қолданушылар өз жобаларын таныстырып, серіктестер мен тапсырыс берушілерді таба алады. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау бағдарламалары, гранттар, байқаулар мен оқыту курстары туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік бар.
– Платформа арқылы жастар өз жобаларын республикалық деңгейде таныстырып, тәжірибелі мамандардан тәлім ала алады. Сондай-ақ инвесторлармен және серіктестермен байланыс орнатып, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Бұл өңірдегі шығармашылық кәсіпкерліктің дамуына, жаңа жобалардың іске асуына және жергілікті таланттардың танылуына жол ашады, – деді Atyrau Creativ Hub басшысы Дәурен Сейтқалиев.
Креативті индустрия өкілдері QazaqCulture порталындағы Qazaq Creative бөлімі арқылы тіркеліп, жеке кабинет ашу арқылы платформадағы цифрлық сервистерді пайдалана алады.



