Атырауда «Atyrau Creative Hub» шығармашылық хабының ашылуы аясында түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Соның ішінде көпшіліктің ерекше қызығушылығын қолөнерші Сағынова Аяжанның өнімдері тудырды.
Ол қолдан әшекей бұйымдарын жасаумен бала кезден айналысады. Бүгінде сүйікті ісін кәсіпке айналдырып, өз өнімдерін көпшілікке ұсынып келеді.
Қолөнершінің айтуынша, мұндай креатив хабтардың ашылуы шығармашыл жандарға үлкен мүмкіндік береді. Бұл өз идеясын кеңейтіп, оны жаңа деңгейге шығарып, кең аудиторияға танытуға жол ашады.
Нұргүл Насыр


