Атыраудың тарихы енді кофе стақанында

Атыраудың тарихы енді кофе стақанында
(0 Votes)

Атырауда «Visit Atyrau» туристік орталығы кофеханалармен бірге ерекше жоба іске қосты. Енді «Martins» және «Lattea» кофеханаларындағы кофе стақандары өңірдің көрікті жерлері бейнеленген шағын туристік гидке айналған.

Стақандарда Visit Atyrau ұсынған нысандар көрсетілген: Сарайшық, Нарынқұм, Тұздыкөл және Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты сияқты табиғи әрі тарихи орындар.

Әр стақандағы QR-кодты сканерлеу арқылы туристер сол жерлер туралы толық ақпарат алып, саяхат маршруттарын, қонақүй жеңілдіктерін және баруға ыңғайлы бағыттарды көре алады.

Жоба Атыраудың туристік әлеуетін танытуға бағытталған және алдағы уақытта басқа қалаларға да кеңейтілуі мүмкін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT