Атырауда жас инженерлер үздік технологиялық жобаларын ұсынды

Атырауда жас инженерлер үздік технологиялық жобаларын ұсынды
(0 Votes)

Атырауда облыстық Arduino Hackathon 2026 өтті. Хакатон мектеп оқушыларын, студенттерді, жас мамандар мен оқытушыларды біріктірді.  Қатысушы командалар Arduino платформасында инженерлік жобалар әзірлеп, техникалық тапсырмаларды шешіп, өз жұмыстарын қазылар алқасына қорғады.

Хакатон қорытындысы бойынша кіші санатта How Technology командасы жеңімпаз атанды, екінші орынды Superiors, үшінші орынды «Кибер қырандар» иеленді. Жоғары санатта «Байконов монстры» командасы үздік деп танылды, AGY күміс жүлдеге, ал Excellence қола жүлдеге ие болды.

Хакатон ұйымдастырушычы, JasUp жобасының менеджері Асқар Алданның айтуынша, мұндай бастамалар жастардың әлеуетін ашуға және технологиялар саласында тәжірибелік дағдылар жинақтауына мүмкіндік береді. «Arduino Hackathon — қатысушылар үшін өз білімдерін көрсету ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істеуді, инженерлік шешімдер табуды және өз идеяларын таныстыруды үйренуге мүмкіндік. Біз жастар тарапынан жоғары қызығушылықты байқап отырмыз және мұндай іс-шаралар өңірдің болашақ мамандарының дамуына ықпал етеді деп сенеміз», — деді ол.

Іс-шара «Теңізшевройл» компаниясының Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында өтіп, өңір жастарының техникалық дағдыларын, инженерлік ойлау қабілетін және командалық жұмысын дамытуға арналған алаңға айналды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT