Атырауда әскери міндеттілердің арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиыны басталды

(0 Votes)

Атырау облысының Аумақтық қорғаныс бригадасында әскери міндеттілерге арналған Арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиынының ашылу салтанаты өтті.

Бұл жиын 7–16 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты әскери қызмет барысында алған білім мен тәжірибені бекіту, бөлімшелердің өзара іс-қимылдарын жетілдіру. Сондай-ақ, әскери міндеттілердің кәсіби машығын, тәртібін және қойылған тапсырмаларды сапалы орындау қабілетін дамыту.

Жиынның ресми бөлімінде 99245 әскери бөлімінің командирі, полковник Нұржан Даутов қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде әскери міндеттілерді жоғары жауапкершілікке, қырағылыққа, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және командирлердің нұсқауларын бұлжытпай орындауға шақырды.

Сондай-ақ, бөлім командирі барлық қатысушыларға сәттілік, мықты тәртіп, жоғары жауынгерлік рух және жүктелген міндеттерді абыроймен орындауды тіледі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT