Атырауда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізуде.
🚘 14 қазан күні рейд барысында көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, Daewoo автокөлігін жүргізген азамат және психотроптық заттарды тұтынған күйде BMW көлігін басқарған жүргізуші анықталды.
⛔️ Сонымен қатар Toyota, Lada және Chevrolet маркалы автокөліктердің жүргізушілері қарсы бағытқа арналған жолаққа шыққан.
⚖️ 5 жүргізушіге қатысты әкімшілік шарасы алынып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.
⚠️ Полиция ескертеді: жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз! Мас күйде немесе көлік басқару құқығынсыз рөлге отыру өзіңізге де, өзгелерге де қауіп төндіреді.




