6 қыркүйекте әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Сәтбаев даңғылы бойында мопед басқарған екі жасөспірімнің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбаған.
Тексеру нәтижесінде мопед басқарғандардың кәмелетке толмағаны белгілі болды. Олардың заңды өкілдері полицияға шақырылып, жасөспірімдерге қатысты көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу және көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік басқаруы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, екі жасөспірім де ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынды. Олардың тәртібі мен жүріс-тұрысы полицияның тұрақты бақылауында болады.
Полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау – жай тәртіпсіздік емес, заң талаптарын қасақана елемеу. Мұндай әрекет ауыр жол-көлік оқиғасына, адам өліміне және орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың көлік құралдарын заңсыз басқаруына жол бермеңіздер.
Атырауда полиция талабына бағынбаған екі жасөспірім жауапкершілікке тартылды
- Автор: Мақат тынысы
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 91



