Атырауда полицейлер мен еріктілер есірткі граффитилерін жоюда

 Атырауда полицейлер мен еріктілер есірткі граффитилерін жоюда
(0 Votes)

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Жас қорғау» қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен және бұрын сотталған тұлғалармен бірлесіп, есірткі құралдарын жарнамалайтын интернет-сайттарға сілтемелері бар граффити жазуларын жою бойынша кезекті рейд өткізді. Рейд барысында Жилгородок ықшам ауданы мен қала орталығындағы ғимараттарға салынған заңсыз жазулар өшірілді.

Жыл басынан бері Атырау қаласында осындай 70-тен астам граффити жойылды. Полицейлер есірткіні насихаттайтын немесе таратуға бағытталған жазуларды салу заңмен тыйым салынғанын және мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Есірткіге қатысты граффити жазуларын байқасаңыз, «102» нөміріне немесе 98-21-55 сенім телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.

Есірткіге жол жоқ!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT