Атырауда «Отбасы және гендер» республикалық форумы қорытындыланды

(0 Votes)

Атырауда Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «Отбасы және гендер: құндылықтар мен заманауи үрдістер» тақырыбында республикалық форум өтті.

 Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен және Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастырды.

Форумда отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, әке институтын дамыту, гендерлік теңдік және цифрлық дәуірдегі тәрбие мәселелері талқыланды.

Пленарлық отырыс пен төрт секциялық алаңда мемлекеттік органдардың, сарапшылардың, қоғам қайраткерлері мен өңірлік комиссия өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

 Форум қорытындысында отбасы институтын нығайту, әке жауапкершілігін арттыру, гендерлік теңдікті дамыту және отбасы құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған ұсыныстар қаралды.

 Форум соңында белсенді қатысушылар Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың Алғыс хатымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT