Атырауда «Отбасы - бақыттың бастауы» апталығы өтіп жатыр 

(0 Votes)

Атырауда Отбасы апталығының салтанатты ашылуы өтті. Басты мақсат – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және үлкенге құрмет, кішіге ізет дәстүрін насихаттау.

Шара «Үлкендердің батасы» рәсімімен басталып, отбасының қоғамдағы орны мен ұлттық дәстүрдің маңызы сөз болды.

Ұлттық баяндама деректеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 93,5%-ы отбасының маңызын жоғары бағалайды, ал отау құрғандардың 95,4%-ы өз өміріне риза.

«Ағаш тамырымен мықты» айдарында ұзақ жылдар бойы бірге ғұмыр кешкен мерейлі әулеттердің тарихы таныстырылды. Олардың қатарында 80 жылдық тарихы бар Дәулетовтер әулеті, 100 жастағы Күлима ана, 63 жыл отасқан Ақмырза мен Жібек Батырхайырұлы және 79 жылдық тарихы бар Қыстаубаевтар әулеті бар.

Апталық – отбасы жылуын, татулық пен дәстүр сабақтастығын дәріптейтін тағылымды шараларға ұласады.

#ОтбасыАпталығы #ОтбасыБақыттыңБастауы #Атырау #ОтбасыҚұндылықтары #ҰрпақтарСабақтастығы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT