Атырау облысының аумағында 5 қазан мен 5 қараша аралығында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу.

Профилактикалық іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлері бекітілген әкімшілік аумақтарда кешенді жұмыстар жүргізуде. Полицейлер тұрғын үйлерді аралап, қараусыз қалған нысандар мен ғимараттарды тексеруде. Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша тексеру жүргізіліп, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП




