Атырауда «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Атырауда «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
фото видеодан алынды
(0 Votes)

 5 қазан – 5 қараша аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу және болдырмау.

👮‍♂️ Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтағы тұрғын үйлерді, қараусыз қалған ғимараттарды тексеріп, профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

❗ Балаларды терезеден құлау қаупінен қорғау үшін:
🔹 терезелерді ашық қалдырмаңыздар;
🔹 терезе маңына орындық, үстел және басқа да жиһаздарды қоймаңыздар;
🔹 балалардың терезе алдында ойнауына және терезеге жақындауына жол бермеңіздер.

⚠️ Бір сәттік қараусыздық орны толмас жағдайға әкелуі мүмкін.

🤝 Бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық! Балаларымыздың қауіпсіздігі – өз қолымызда!

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT