Атырауда ерлі-зайыпты әскерде қызмет атқарады

(0 Votes)

15 мамыр – Отбасы күні. Бұл мерекенің мәні – басты тірегі саналатын отбасының қадір-қасиетін насихаттау. Атыраудағы 41321 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшін бұл күннің орны тіпті ерекше. Өйткені әскери бөлімде Омаровтар әулеті 10-жылдан астам бір шаңырақта ерлі-зайыпты болып қана қоймай,ел қауіпсіздігі жолында иық тірестіре қызмет етіп келеді. Бұл туралы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының басқарма қызметшілері де сеніммен жеткізеді.

 Отағасы Алмаз бен Айымгүл әскери борышты қатар атқарып қана қоймай, алты бірдей баланы тәрбиелеп отырған өнегелі жанұя.

 – «Әскер – біздің ортақ өмірлік жолымыз. Қызмет пен отбасын қатар алып жүру – жауапкершілік пен сенімге негізделеді. Ұл-қызымызды да елін сүйетін, адал азамат етіп өсіруге тырысамыз», – дейді Алмаз Орынбекұлы.

 Әскери бөлім сапындағы мұндай отбасылар – елге адал қызметтің, бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT